Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында карантин жеңілдейді

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің "Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды.

"Облыста аквапарктардың қызметіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің қызметіне рұқсат етіледі, сондай-ақ азық-түлік және азық-түлік емес базарлар да іске қосылады. Сондай-ақ, сауналар мен СПА-орталықтардың жұмысына рұқсат етіледі. Демалыс күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалдарының қозғалысы қалпына келтіріледі", - делінген қаулыда.

Қаулы 20 ақпан сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Ақпан, 2021 13:13
Талқылау