Қарағанды облысында абақтыға қамалғандар жаппай СПИД жұқтыруда
Қарағанды облысындағы түрмедегі 11 азамат АИТВ (ВИЧ) жұқтырып алғандығы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта сотталғандардың АИТВ инфекциясын қалай жұқтырғанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айтылған болжамдарға сәйкес, сотталғандар есірткі заттарын пайдалану кезінде таза емес шприц пайдаланғандықтан ауруды жұқтыруы мүмкін екен.
Долинка кентінде орналасқан АК 159/20 түзету мекемесінде АИТВ жұқтырудың 11 фактісі анықталған. Бұл ерлер абқатсында ауыр емес қылмыс жасаған сотталғандар жазасын өтейді. Қазіргі таңда істі полиция қызметкерлері тергеп жатыр. Олар бас бостандығын айырылғандар инфекцияны қалай жұқтырғанын анықтау үстінде.
Қарағанды облыстық ЖИТС-тың (СПИД) алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сотталғандар инфекцияны шприц арқылы жұқтырғанын хабарлады.
«Бүгінгі таңда сотталғандар арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі анықталды. Барлық сотталушы жұмысқа орналастырылған. Ауру колониядан тыс, олар жұмыс істеген жерде жұқққан. Инфекция абайсызда инъекция арқылы таралған», - деді Қарағанды облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Мария Нұртазина.
«Дереу қызметтік тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мақсатында материалдар Шахтинск қаласының полиция бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факті аясында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша оқиғаның себебі анықталады»,- деді Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
