Кешке 50 мың көрермен жиналды: Қарағанды облысы Шахтерлар күнін ауқымды түрде атап өтті
Қарағанды облысында өңірдің басты кәсіби мерекесі – Шахтерлар күнін атап өту іс-шаралары 23 тамыздан басталып кетті. Кеншілер мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапатталды. Жергілікті және шақырылған әртістердің қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.
Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында көмір өнеркәсібінің 18 өкіліне мемлекеттік наградалар табыс етілді. Төрт қызметкер "Құрмет" орденінің иегері атанды. Тағы төртеуі III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталып, он адам "Ерен еңбегі үшін" медалін алды.
Мемлекет басшысының атынан марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тарту етті.
"Шахтер – бұл еңбекқорлығымен, табандылығымен және батылдығымен ғана емес, сонымен қатар адалдығымен ерекшелетін кәсіп иелері. Бұл маман иелері әрқашан жақынына көмектесуге даяр тұлғалар. Осы лайықты мамандықтың өкілдерін шын жүректен құттықтаймын. Ал шахтерлердің өзі айтқандай, төбелері берік, көмірлеріңіз жұмсақ болсын. Шахтерлар күні құтты болсын! Мерекелеріңізбен!" – деді әкім Ермағанбет Бөлекпаев.
Qarmet басшылығы да кеншілерді құттықтады. Он бір жетекші өндіріс қызметкеріне Chevrolet Onix автокөліктерінің кілті табыс етілді. Сонымен қатар директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев құттықтау сөз сөйледі.
"Бұл күні мен сіздерге зор денсаулық, жаңа жеңістер тілеймін. Сіздердің әрқайсысыңыз үшін Отанымыз дамып, әсем қаламыз Қарағандының тау-кен өнері деген ұлы және мықты атағын мақтанышпен алып жүру ең басты жетістік деп білемін. Сіздерді ерлік, күш пен батылдықтың ұлы мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге тек жақсылық тілеймін", – деді Лаврентьев.
Бұл күні кеншілерге хореографиялық ансамбльдер мен әншілер Марат Бекішев, Талғат Ыдырысов, Нұрлан Абдуллин және Игорь Николаев өнер көрсетті.
Qarmet бас директоры Вадим Басин де әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жаңа жетістіктер мен қауіпсіз еңбек тіледі.
"Құрметті жерлестер, әріптестер, қымбатты кеншілер және көмір өнеркәсібінің ардагерлері! Ең бастысы – жер асты кеншісі, оған бәрі байланысты. Олар – өз мамандығына берілген, жылдар бойы еңбек еткен жанкешті және батыл жандар. Әр ісіне шапшаң кеншінің тапқырлығы мен қолдауы біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздерге денсаулық, бақыт, амандық, қауіпсіз еңбек және жаңа жеңістер тілеймін!" – деп құттықтады Басин.
24 тамызда Қарағандыда Тәуелсіздік монументі алдындағы алаңда Кеншілер күніне арналған үлкен концерт өтті. Кешке 50 мың көрермен жиналып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл күні облыс тұрғындарына қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Луина, Ninety One, Band'Eros тобы және тағы басқалары көрермендерді жалынды қойылымдарымен қуантты.
Ал 25 тамызда Саран, Абай және Шахтинск қалаларында Кеншілер күніне арналған салтанатты концерттер болды. Qarmet арнайы шақырған жұлдыздар барлық қалада өнер көрсетті: "101" тобы, рэпер Шиза және әнші Раим.
Концерттер соңында мерекелік отшашулар атылды.
"Сіздерді облыстың басты мерекесі – Шахтерлар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл кәсіпорындардың бәрі біздің Қарағанды көмір бассейнін дамыту үшін құрылған. Өздеріңізге қамқор болып, сіге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін", – деді көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов.
Өткен мерекелік іс-шаралар кеншілерге қажырлы еңбектері үшін үлкен алғыс пен құрмет көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар облыс үшін ең маңызды мерекеде қуаныш пен бірлік атмосферасын тудырды.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
