Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды
Қарағанды қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл қызметті енді Мейрам Кожухов атқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мейрам Кожухов 1972 жылы 7 қарашада дүниеге келген.
Еңбек жолын 1992 жылы "М. К-Люкс"ЖШС атқарушы директоры қызметінен бастады.
2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2001 жылдан 2005 жылға дейін Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2005 жылдан 2010 жылға дейін Ақтас кентінің әкімі.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі лауазымында болған.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қаланың бұрынғы әкімі Ермағанбет Бөлекбаев бүгін облыс басшысы болып тағайындалды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн