Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті 2 айға қамауға алынды

Қарағандыда әйел өлімі болған аттракционның нұсқаушысы 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты аттракционның нұсқаушысын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – деп делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін полиция 33 жастағы Евгения Леонтьеваның өліміне алып келген қауіпсіздік ережесін өрескел бұзды деген күдікпен 32 жастағы арқанмен секіру бойынша нұсқаушыны ұстаған болатын. Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізілген. 



Еске салайық, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған. Қайтыс болған әйелдің күйеуі мен үш баласы бар.

Талқылау