Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды әкімдігі жетім қыздан үйін тартып алмақ

Қарағанды әкімдігі жетімдер үйінің тәрбиеленушісінен анасының пәтерін тартып алмақ. Мәселе бұл үй туралы қыздың тек бір жыл бұрын білгенінде болып отыр. Оның үстіне Майқұдықтағы екі бөлмелі пәтерге басқа отбасы кіріп алған. Енді оларды шенеуніктер қорғауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағандының жергілікті ТК5 арнасына сілтеме жасап.

Ксения
Ксения Горшкова 13 жасынан бері тұл жетім. Сол кезде оның соңғы туысы көз жұмған. Қазір ол 22 жаста. Төрт жылдан бері екі жасар баласымен бірге бұрыш-бұрышты аралауға мәжбүр.

«Дәл қазір маған пәтер керек. Себебі, бұлай жүре беруден қиналып кеттім. Бір жерден екінші жерге көшіп, пәтер мен үйді жалға алудан шаршадым. Қазір енеміздің қолында тұрып жатырмыз. Бірақ ол бізді кез келген уақытта шығарып тастай салуы мүмкін», - дейді Ксения Горшкова.

Ксения өткен жылы ғана өзінің ағасының анасына пәтер сыйға тартқанын білген. 1994 жылы сыйға алған пәтерді анасы тіркемеген. Ал 17 жылдан бері пәтерде басқа отбасы тұрып жатыр. Кейін бұл отбасының үйді жетім қыздың ағасы қайтыс болған соң, араға екі жыл салып сатып алғаны белгілі болды. Сот өз кезегінде бұл келісімді заңсыз деп тапты.

Ксения үйге қатысты өз құқығы барын айтады. Алайда сол үйде тұрып жатқан отбасы әкімдіктен оны коммуналдық иелікке алуды өтінген. Әкімдік өз кезегінде қызды үй иесі емес деп тану үшін сотқа өтініш жазған. Әйелдің үй алу туралы кезекте тұрғанына қарамастан, әкімдік одан бұл үйді тартып алмақ.

«Ол бұл пәтерде ешқашан тұрып көрген емес. Тіпті, өзінің анасы көз жұмғаннан кейін. Біздің осы өтінішті беруге барлық негіз бар деп ойлаймыз», - деді Қарағанды тұрғын үй қарым-қатынастары бөлімінің құқықтық секторының бас маманы Нұрәлі Оспанов.  

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін көпбалалы отбасының лашықта тұрып жатқаны туралы хабаралған едік. 

Талқылау