Қара теңізде Қазақстан мұнайын жеткізген танкерге шабуыл жасалды

14 наурызда Қара теңізде грек танкері Maran Homer шабуылға ұшырады. Кеме Қазақстан мұнайын жеткізуге бара жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsbomb порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Грециялық БАҚ-тың мәліметінше, кеме Ресей аумақтық суларынан тыс жерде тұрған кезде белгісіз нысан шабуыл жасаған. Ол Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы (КТК) терминалына кіруге рұқсат күтіп тұрған. Танкер Қазақстан мұнайын алуға тиіс болатын.
Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан мұнайын экспортқа шығаратын негізгі жолдардың бірі. Мұнай Ресей арқылы Новороссийскідегі терминалдан экспортқа жіберіледі. Бұл терминал арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының шамамен 80%-ы өтеді.
“Жараланғандар жоқ, экипаж қауіпсіз. Кеменің палубасы мен жабдықтарына жеңіл зақым келген. Танкер босатылған, қоршаған ортаға зиян тимеген. Қазіргі уақытта кеме Новороссийскі қаласынан шыққан”, – делінген хабарламада.
-
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялауды аяқтады
-
АҚШ ең мықты қаруын сынап, Таяу Шығыс тарихындағы ең қуатты бомбалаудың бірін жасады
Грецияның теңіз ісі министрі Василис Кикилиас оқиғаға пікір білдіріп, шабуыл Ресей мұнайын санкциялардан шығару туралы соңғы шешімдермен байланысты болуы мүмкін деп айтты.
Министрдің айтуынша, танкер Chevron компаниясынан жалға алынған. Салоникиден шыққан және ешқандай жүкті тасымалдамаған. Афина бұл оқиғаны Еуропа Кеңесінде теңіз қауіпсіздігі мәселесі ретінде көтермек.
“Жаһандық теңіз қатынасы болмаса, сауда да болмайды", – деді ол.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?