"Қара пияр": Азаматхан Әміртай өзінің "Байтақ" партиясынан шығарылғаны туралы ақпаратты теріске шығарды
Азаматхан Әміртай өзінің "Байтақ" экологиялық партиясының мүшелігінен шығарылғаны туралы ақпаратты қара пиар деп атады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бұл өтірік. Бізді жамандаушылардың жазғаны. Қара пиар да пиар, сондықтан айта берсін. Бізде жарғы бар, барлық мүшелерді төраға қабылдайды, тек төраға алып тастай алады. Бұл оңай процедура емес. Біз қазір керісінше адамдарды қабылдап жатырмыз. Соңғы аптада партияның 2000 жаңа мүшесін қабылдадық. Мен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, белсенділермен кездесіп, экологиялық жобаларымызды бастаймын. Жұмыс қызу жүріп жатыр”, – дейді Әміртай.
- "20 жылда алғаш рет": Қазақстанда жаңа партия тіркелді
- “Ескі Қазақстанның жақтаушысы”: “Байтақ” партиясының төрағасы ҚХП басшысын қазақ тілін білмейді деп сынады
Бұған дейін әлеуметтік желіде 45 жастағы Азаматхан Әміртайдың "Жасылдар" партиясының басшысы қызметінен алынып, "Байтақ" партиясынан шығарылғаны туралы ақпарат тараған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді