Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қара нәсілділер мен мұсылмандар болмасын": ПСЖ жаттықтырушысы дискриминация жасағаны үшін қамауға алынды

ПСЖ бас жаттықтырушысы Кристоф Галтиер мен оның ұлы Джон Воловичті Ниццеде полиция ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Le Parisien басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын Галтиерге қарсы іс қозғалып, оны 30 маусымда қамауға алды. Ол нәсілдік және діни кемсітушілік жасады деп айыпталған. Жаттықтырушы клуб директорына командада қара нәсілділер мен мұсылмандар көп болмасын деп айтқан.

Осыдан кейін кеңсесінде тінту жүргізілді. Тергеушілер клуб президенті Жан-Пьер Риверден және басқа клуб басшыларынан жауап алды.

Галтиер барлық айыптауларды жоққа шығарып, жала жапты деп қарсы сотқа берді. 

Егер кемсітушілік айыптары расталса, Галтиер үш жылға бас бостандығынан айырылады.

Жақын арада Галтиер "Пари Сен-Жерменнен" клубынан шығуы мүмкін.

Талқылау