"Қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтеп жатқан ер адам үйленді
"Қара бүркіт" түрмесінде отырған ер адам үйленген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушы өз махаббатын тапты.
Олар газет хабарландырулары арқылы танысып, хат алмасқан.
“Біраз уақыт сөйлестік, содан кейін оны жоғалтқым келмегендіктен, оған үйлену туралы шешім қабылдадым”, – дейді сотталған Д.
Некені тіркеу № 39 мекеменің қабырғасында өтті. Ер адам қарақшылық үшін жазасын өтеуде.
Мекеме психологтарының пікірінше, бұл жаңалық сотталушыға оң әсер етеді. Өйткені отбасын құру – оның түзелуіне жасалған маңызды қадамдардың бірі.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты
