Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда күн күрт суытады

Қазақстанда ауа температурасының күрт төмендеп, қар жауады. 21 және 23 сәуір күндері еліміздің төрт қаласы мен бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Нұр-Сұлтанда 22 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 21-23 сәуірде ауа температурасының түнде +7...+9°С-тан -3...-5°С-қа дейін күрт төмендейді.

Петропавлда солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Түнде жаңбыр соңы қарға ауысады, көктайғақ болады. Ауа температурасы күрт төмендеп, +2...+4°С-тан -5...-7°С-қа дейін өзгереді.

Көкшетауда кей жерлерде тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы +5...+7°С-тан -3...-5°С-қа дейін күрт төмендейді.

Қарағандыда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда  оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, соңы қарға, көктайғаққа айналады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы 0...+5°С, оңтүстікте +8°С-тан -3...-8°С дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/ске жетеді. Павлодарда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай ойнап, бұрқасын күтіледі. Күндіз таулы аймақтарда бұршақ жауады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте найзағай, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістанда түннің бірінші жартысында найзағай ойнап, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с-ке жетеді.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 21 Сәуір, 2022 12:57
Талқылау