"Қар жауып, көктайғақ болады": Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет Қазақстан аумағы бойынша 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында алдағы күндері ауа-райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет iStock-тан
Синоптиктердің мәліметінше, ел аймақтарында температуралық өзгерістер болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Әсіресе солтүстік өңірлерде қатты қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ құбылыстары болады. Сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 градустан -5-қа дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 градус аяздан -2 градусқа дейін жоғарылайды.
15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді. Салдарынан республиканың солтүстік жартысына аяз болады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде -22, -32, күндіз -15, -27 аязға дейін төмендейді. Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді