Синоптиктер Қазақстанда алдағы уақытта күн жылынады деп болжады
Қазгидромет еліміз бойынша 31 қазан мен 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады.
Қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Көктайғақ пен тұман болжанған. 1 қарашада республиканың батысында нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді.
Алайда еліміздің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды деп болжанып отыр:
- батыста +12+17°С;
- солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С;
- солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С;
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С;
- ал таулы аймақтарда +3+8°С.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн