"Қар ақ болуы керек, бірақ бізде ол қара": Теміртау тұрғындары ауаның ластанғанынан бірнеше күннен бері үйлерінен шыға алмай отыр

Теміртауда ауаның ластану деңгейі жоғарылап, қаланы қара түсті қар басты. Тұрғындар бұған алаңдап шағымданып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар да ауаның ластану деңгейі жоғары екенін атап өтті.
“17 ақпан, Теміртау. Қардың ақ болуы керек екенін бәрі біледі, бірақ бізде ол қара”, – деді тұрғындар.
Бірнеше күннен бері тұрғындар терезелерін ашпай, балаларын серуенге шығармай, өздері де мүмкіндігінше далада аз уақыт болуға тырысуда. Синоптиктердің мәліметінше, ауа сапасы бойынша Теміртау ел ішінде ең ластанған қалалардың қатарында екінші орынға шыққан. Ол Қарағандыдан кейін тұр. Жергілікті жұрт бұған өнеркәсіптік кәсіпорындар кінәлі деп есептейді.
Алайда экологтар қаладағы қара қардың пайда болуын тек климаттық жағдаймен байланыстырды. Аймақта ұзақ уақыттан бері жел болмай, соның салдарынан пеш түтіні мен автокөлік шығарындылары қар бетіне шөккен.
“Терезені бір ашсаң болды, таңертең терезе алды қара болып кетеді. Пердені жуып үлгермейміз. Біртүрлі жөтел пайда болды, мен темекі шекпеймін, бірақ үнемі жөтелемін. Балалар да ауырып жатыр”, – деді Станислав Войцеховский.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады