Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда кафеде күзетшілерді ұрған полицейлер қамауға алынды

Қапшағайда кафенің екі күзетшісін ұрған полицейлер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев Instagram желісінде тұрғындармен жүргізілген тікелей эфир барысында Қапшағайда екі күзетшіні ұрған полицейлер туралы пікір білдірді. 

"Бейнежазбада күзетшілерді ұрып жатқан полиция қызметкерлері екені көрініп тұр. Бірден ол адамдар ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды. Кафенің барлық адамдарынан түсініктеме алынды. Олар да полицейлердің тарапынан бұзақылық әрекеті болғанын растап берді. Екі күзетшіден бұзақыларды қылмыстық жауапқа тарту жөнінде арыз түсті. Біз өз ұстанымымызда қаламыз, заңды бұзғандар жауапқа тартылады. Барлық тәртіп бұзған полицейлер заң алдында жауап береді. Кеше олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді ол. 


"Бізді адам құрлы көрмейді": Қапшағайдағы төбелестен кейін жұмыстан босатылған полицей бейне хабарлама түсіріп, асылып қалғысы келген


Естеріңізге сала кетейік, Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталған. Тәртіп сақшыларының түнгі оқиғаға қатысы көшедегі бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнежазбамен расталды, ол кейін әлеуметтік желілерде таралды. 

Жанжалдың туындауына күзетшінің әрекеті себеп болған. Яғни ол демалушыларға демалыс орнының жабылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл жайт тәртіп сақшыларына ұнамағанға ұқсайды. Сол себепті күзетшілерді ұрған болуы мүмкін.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 19 Тамыз, 2021 14:18
Талқылау