Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда төрт жасар қызынан айырылған азамат өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді

2022 жылдың қаңтарында қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның әкесі Айдос Мелдеханға 22 қазанда шабуыл жасалғаны белгілі болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Respublika басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдос Мелдехан

Айдостың айтуынша, шабуыл жасаған азаматпен бір аулада тұрады тұрады, оның аты Марлен. Ол Мелдеханға қызын есіне түсіріп, арандата бастаған, сосын оны ұрып “өлтіремін” деп қорқытқан.

Айдос Мелдехан полицияға арыз жазғанымен, оның айтуынша, тәртіп сақшылары арызды елемеген.



Еске салайық, төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, ақпанда ауруханадан шыққан. Көлікке кім оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз. Балалардың әкесі бұған дейін көліктен әскери оқ тапқанын хабарлаған.

Жәбірленушінің адвокаты тергеу адам өлтіруге кінәлілерді жазадан қорғауға тырысуда деп санайды. Қорғаушы оқ атқандардың өздері де іс бойынша куәгер екенін баса айтады. 2023 жылдың қаңтарында сот процесі жабық режимге ауыстырылған.

Талқылау