AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған 11 полицей наразылық білдірді

Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған 11 полицей тағылған айыппен келіспей, наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері ұсталған адамды азаптап өлтірді деп күдікке ілінген. Қайғылы оқиға күні кезекшілікте болған күзетшілер қазір арнайы прокурорларға жауап беруде. Алайда, кінәсін ешқайсы мойындап отырған жоқ. Айтуларынша, жаппай тәртіпсіздіктерден кейін абақтыға қамалғандардың көбі ауыр жарақатпен келген. Міндетіміз тек күзет болды деген олар, қамаудағыларды азаптауға қатыспағанын дәлелдегілері келеді. 

Алматыдағы уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері Медеу аудандық прокуратурасына күнде келеді. Себебі, мұнда Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, түрмедегі азаптаудан өлген адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы істе қайғылы оқиға күні кезекшілікте болған 11 қызметкер күдікті ретінде танылған. Бірақ, тағылған айыппен ешқайсы келіспейді. 



“9-ы қабылданған адам 11-і денсаулығына шағым айтып, кезекші жоғары көтереді. Жедел-жәрдем шақырады. Бірақ жедел-жәрдем келгенше жүріп кетіп отыр. Сол адамды бізден көріп отыр. Сендер азаптап ұрып өлтірдіңдер деп. Ал біз тергеу әрекетіне қатыспаймыз. Біз тергеуші емеспіз. Жедел уәкіл емеспіз. Біздің міндет адамдарды қабылдау және күзетуге жатады”, – дейді Арнат Мейраділов.

Оған қоса, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қамалғандардың дені ауыр жарақатпен келді дейді наразы топ. Ал куәгерлер қинағандардың нақты атын атап, түсін түстей алмауы тіптен көңілдеріне күдік ұялатқан.

“Ұрып-соғылып әкелген фотоларды тергеуге көрсетіп келеміз. Айғақтарды көрсетеміз. Бірақ бізді ешкім тыңдап жатқан жоқ. Қаңтар оқиғасында қамалған куәгерлер айтып отыр. Танымаймыз. Көрмедік деп. Изоляторға ешқандай арыз-шағымымыз жоқ дейді”, – Аян Елеубеков.

Таяқ жегендердің қызметкерлерді танымаймыз деуіне негіз де жоқ емес. Өйткені, тәртіп сақшыларының бәрі бетпердемен жүрген. Оны тергеу ісімен айналысып жатқан прокурорлар да талай рет айтты. Тек қадағалаушы органның өкілі бұл жолы жауап бергісі келген жоқ. Есік алдында ағайын-туысымен бірге шағым айтып келген полицейлерді тыңдамай, ішке қайта кіріп кетті.

Жалпы, қаңтардағы бейберекетсіздіктен кейін уақытша ұстау және тергеу изоляторына қамалған алты адам қинау мен ұрып-соғуға шыдай алмай көз жұмған. Бұл Бас прокуратураның мәліметі. Ал тергеу барысында күдіктілерге күш қолданған құқық қорғау және арнайы органдардың 9 қызметкері қазір қамауда отыр. Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаптау фактілері бойынша 170 іс тергеліп жатқанын, оның 23-і прокуратураға жолданғанын айтқан болатын.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр