Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге өтемақы төленді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дүкен

"Қаңтар оқиғаларының нәтижесінде, алдын ала деректер бойынша, 1 630 шағын және орта кәсіп субъектісі зардап шекті, оларға шамамен 38,6 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ағын және орта кәсіп субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды. 

Аталған проблеманы шешу үшін 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды", - деді министрдің орынбасары. 

Оның сөзіне қарағанда, қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау мақсатында бірнеше жедел шара қабылданған. Олар: 

  • Шағын және орта кәсіп субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу; 
  • Жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру; 
  • Салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.
Назархан Уән
Сейсенбі, 19 Сәуір, 2022 08:56
Талқылау