Қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды азаптады деген күдікпен 29 полиция қызметкері ұсталды
Қазақстан бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев азаптау бойынша күдікке ілінгендер арасында ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әсет Шындалиев жалпы 29 адамның қамауға алынғанын айтты.
"Оның 17-сі полиция, 12-сі ұлттық қауіпсіздік органының өкілдері. Бес адамды азаптау дерегі бойынша тағы бір сотқа жіберілді. Қазір ол қаралып жатыр", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қаңтар оқиғасы бойынша "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдағаны туралы хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген