Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Қазақстанның екі облысында қызметкерлер еш қарсылықсыз полиция ғимаратынан кетіп қалған

Алматы және Жамбыл облысының полиция департаменттерінің қызметкерлері қару-жарақ пен құжаттар сақталған ғимараттардан ешқандай қарсылықсыз кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

"Өкінішке орай, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы, қару-жарақ пен оқ-дәрілер орналасқан Алматы және Жамбыл облыстарының полиция бөлімшелерінің ғимараттарынан қызметкерлер қарсылық көрсетпей шығып кеткен фактілер де болды", - деді Ризабек Ожаров. 

Оның айтуынша, бүлікшілердің қолында үлкен арсенал болған. Олар бір жарым мыңнан астам қаруды қолды еткен. Олардың ішінде гранатомет, пулемет, тапанша, граната бар.

"Бұл аңшылық дүкендерінен ұрланған қаруларды есептемегендегі көрсеткіш", - деді арнайы прокуратураның басшысы.

Оның айтуынша, бар болғаны 967 бірлік табылған, қалған қару-жарақ әлі олардың қолында және полиция оларды анықтау және алу шараларын жүргізіп жатыр.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 07 Ақпан, 2022 18:57
Талқылау