Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғаларынан кейін көрінбей кеткен Мамин мен Жақсыбеков Чемпиондар лигасының финалында көзге түсті

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин мен бұрынғы мемлекеттік кеңесші Әділбек Жақсыбеков Түркияда өткен Чемпиондар лигасының финалдық ойынында көзге түсті. Олар былтырғы Қаңтар оқиғаларынан кейін көрінбей кеткен еді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамин мен Жаксыбеков

Мамин мен Жақсыбековті әлдебіреулер стадионның жанындағы қалың жұртшылықтың арасынан байқап қалған. Олар кезекте тұрған секілді.

Айта кетейік, финалдық кездесу Стамбулдағы Ататүрік стадионында өткен. Ойын нәтижесі бойынша ағылшындық "Манчестер Сити" командасы италиялық "Интерді" 1:0 есебімен жеңді.

Қаңтар оқиғасынан кейін сол кездегі премьер-министр Мамин басқарған үкімет отставкаға кеткен. 2022 жылдың қыркүйегінде Мамин мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге қызметінен босатылған.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде жоғарыда аталған үш экс-щенеуніктердің мейрамханада отырған суреті тарап еді. Кейін бұл суретке қатысты пікір білдірген Мамин өздерінің тойда бас қосқанын айтқан.

"Расымен де, өткен жексенбі, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай "Сырға салу" рәсімі өтті", – деген Мамин.



Қазір елімізде Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан азаматтардың құрметіне қаралы күн жарияланған.

Еске салайық, 9 маусымда Абай ауданында 30 мың гектарға жуық аумақты шарпыған өрт шыққаны белгілі болды. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Сондай-ақ орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені айтылды. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

9 маусымда түн ортасына таман президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапарын кейінге қалдырып, Абай ауданындағы өрт аймағына ұшатынын хабарлады. Сондай-ақ президент Абайдағы өртпен күресу үшін бар мүмкіндікті пайдалануды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі 10 маусымға қараған түні Абайдағы өртті сөндіруге Алматы мен тағы төрт облыстан қосымша күштер мен құралдар жіберілетінін мәлімдеді.

"Семей орманы" табиғи резерватында болған ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Адамдардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Талқылау