Қаңтар айының не себепті жылы болғанын синоптиктер түсіндірді
2022 жылғы қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-7 градусқа жоғары болған. Бұл туралы синоптиктер айтып отыр. Мамандар Қара теңіз бен Жерорта теңізінен келген жылы ауа температураның жоғарылауына әсер еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде Қара және Жерорта теңіздерінің аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен республиканың бүкіл аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы байқалды.
Сондай-ақ, ҚР басым бөлігінде жауын-шашынның нақты мөлшері айлық нормадан 1,3-7 есе артық болған.
“Солтүстік жартысында күндіз ауа -2,+10°С-қа дейін (16 қаңтарда Шығыс қазақстан облысы Риддер метеостанциясында +9,7°С), ал елдің оңтүстік жартысында +6 +16°С-қа дейін (4 қаңтарда Алматы облысы Ұзынағаш метеостанциясында +15,6°С) жылынды. Осы кезеңде республиканың көптеген метеостанцияларында ауаның ең жоғары температурасының тәуліктік рекорды жаңартылды, жекелеген күндері ауа температурасы орташа тәуліктік нормадан 10-20° жоғары болды.
Айдың басым бөлігінде, желтоқсан айындағыдай, ауа-райына циклондар әсер етті, бұл жауын-шашынға әкеліп соқты, бұдан басқа, желдің күшеюі 15-28 м/с, ал елдің солтүстігі мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында екпіні 30-34 м/с дейін болатын дауыл жел байқалды (8 қаңтарда Бурабай метеостанциясында 34 м/с). Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында мұндай жел 200-500 метрге дейін көру қашықтығы нашарлауымен қалың қар мен бұрқасын, сондай-ақ тұман мен көктайғақ құбылыстары болды”, – дейді Қазгидромет РМК.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігінде оңтүстік циклондардың шығуымен мол жауын-шашын (15-49 мм) өтткен. Ең жауын-шашынды кезең айдың ортасы болған.
Қаңтардың үшінші онкүндігінде ғана синоптикалық жағдай біршама өзгерді, Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды кең антициклон жотасы әсер ете бастады, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді.
Республиканың солтүстік жартысында, түнгі сағаттарда термометр бағандары -24-35°С-қа дейін төмендеді (30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын метеостанциясында -34,7°С болды).
Елдің оңтүстігі циклондық қызметтің ықпалында болды, осыған байланысты ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі байқалмады. Сондай-ақ, айдың көп бөлігінде республиканың оңтүстік өңірлерінде 20 күн және одан да көп уақытқа созылған жылудың ұзаққа созылған толқыны байқалғанын атап өткен жөн Елордадағы ең төменгі ауа температурасы 24 қаңтарда тіркелді және -24,1°с құрады, бұл күнгі абсолютті минимум -42,7°С, ол 1969 жылы тіркелді, ал ең жоғары ауа температурасы 2022 жылдың 15 қаңтарында байқалды және +0.2°С құрады, бұл бүкіл бақылау кезеңіндегі осы күнгі абсолютті максимумның рекорды.
Сондай-ақ, синоптиктер жауын-шашын бір айда 26 мм жауғанын айтады, ал бір айдағы норма 16 мм құрайды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
