AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қант тапшылығына байланысты "Рахат" фабрикасы тәттілердің бір бөлігін өндіруді тоқтатты

"Лотте Рахат" АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец қант тапшылығына байланысты Шымкенттегі "Рахат" фабрикасы жұмысының тоқтап тұрғанын және құрамы қанттың көп мөлшерін қажет ететін кейбір тәттілердің өндірісі уақытша тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” порталына сілтеме жасап.

"Біз жыл сайын өнім тізбегін кеңейтіп жатырмыз. Биыл шоколадқа көңіл бөлеміз. Өйткені ол кейбір тәттілерге қарағанда қантты азырақ қажет етеді. Қазір бізде барбарис пен ирис кәмпиттері сұранысқа ие болғанымен өндірілмейді. "Барбарис" –  дәстүрлі, дәмді, бірақ қант мөлшері өте жоғары өнім. Біз қантты көп қажет ететін барлық тәттілерден бас тарттық. Өйткені олардың өндірісіне қажетті қант мөлшері жоқ. Шымкенттегі зауыт әлі тоқтап тұр. Бірақ маусымның ортасында қажетті өндіріс көзі жеткізіліп, жұмысты жалғастырамыз", – деді басшы.

Ол зауыттарға қажетті шикізатты отандық тауар өндірушілерден алуға болатынын, бірақ олар нарық сұранысының 30 пайызын ғана өтейтінін түсіндірді. Айтуынша, Ресей экспортқа тыйым салды, ал басқа елдерден импортталатын тауарларға акциз салынады. Шикізаттың әр тоннасы 35% қымбаттады.



“Еліміз бұған дейін қантты Ресейден бажсыз алып жүрді. Ал экспорт жабылған кезде оны апаратын жеріміз болмады. Біз қазір жергілікті өндірушілерде бардың бәрін сатып алып жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Қазір жергілікті өндірушілердің дәурені жүріп тұр. Олар бар күшімен жұмыс істеуде", – деді кәсіпорын басшысы.

“Үкімет осыны қолға алуы керек. Өндірушілерге жағдай жасасақ, олар барлық ішкі қажеттіліктерді өтейді деп ойлаймын. Үкімет бізге бажсыз импортқа квота береді, бірақ 120 мың тонна қажеттілік болған кезде 1600 тоннаны ғана әкелуге рұқсат етілді. Өкінішке орай, бұл аздық етеді”, – дейді кондитер фабрикасының басшысы.

"Қазір біз қантты Қазақстандағы барлық зауыттардан сатып аламыз. Сонымен қатар Бельгиядан үнді қантын импорттаймыз. Біздің өндірушілердің де жұмысы бар, өйткені олардың өнімдерінің сапасы көп нәрсені талап етеді",  – деп түйіндеді Константин Федорец.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр