Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанышердің құрбаны болып кеттің": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовті еске алды

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күніне орай ас берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Саясаткер тірі болғанда 80 жасқа толар еді. 

“Зәкең бар болса 80 жасты тойлар едік. Әттең, бір қанішердің құрбаны болып кеттіңіз. Соларды таппайынша, халыққа көрсетіп, естіртпейінше сіздің рухыңыз тынышталмайтынын мен жақсы білемін, Зәке! Алла енді сол күнді де естіп, көруді нәсіп еткейсің.”, – деп жазды өнер иесі. 


Әншінің тыңдарманы Заманбек Нұрқаділов туралы жақсы естеліктері мен жасаған игі істерін бөлісіп жатыр. “Қанша қазаққа Алматы қаласынан жер беріп, үй беріп баспаналы етті. “Шаңырақ”, “Думан”, “Қалқаман” ықшамаудандарын осы кісі ашқан. Осы аудандардың бірінен ол кісінің атынан көше берілсін. Кім болса соның аты беріліп жатқан көшелердің біріне осындай қоғам қайраткерінің аты неге берілмейді?”, “Есімде, мен сіздің үйде болдым ғой. Ол кісімен әңгіме айтып едік. Роза апа қалай екеуіңізді жақсы көретін. Үндемей қала алмадым. Сізге денсаулық тілеймін! Дұға қабыл болсын”, “Екеуіңіз сахнаға ән айтып шыққандағы кез есімде. Бақытты екендеріңіз жүздеріңізден көрініп тұрды”, деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Талқылау