Қандай жағдайда полицейлер үйлерді аралап азаматтардың тіркеуін тексереді?
Полицейлердің қандай жағдайда үй-үйді аралап, уақытша тіркеуді тексеретінін Астана ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева «Sputnik Қазақстан» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Азамат өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Ол учаскелік инспектордың жұмысы. Құжаттар базасы бар, ол барлық мемлекеттік мекемелер үшін қолжетімді», – дейді Дөненбаева.
Бұдан бөлек, ол азаматтардың кез келген уақытта ХҚО-ға барып, анықтаманың көшірмесін ала алатындығын жеткізді.
«Біреуге бірдеңе дәлелдеудің еш мұқтаждығы жоқ. Ал көші-қон кеңсесінің, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне келетін болсақ, біздің міндетіміз барып біреуді жазалау емес. Жалпы мұнда жаза туралы әңгіме де жоқ. Мәселе профилактикалық іс-шаралар кезінде біздің тексеріс жүргізе алуымыз», – деп атап өтті Гүлвира Дөненбаева.
Сондай-ақ, көші-қон полициясы басқармасының басшысы азаматтардың тіркелуін тексерудің қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берді.
«Қоңырау келіп түскен жағдайда біз тексеріс жүргізе аламыз. Ішкі істер органдарының ішкі сенім телефондары бар. Сонымен қатар көршілерден шағым түскенде де тексереміз. Көршілер жиі жазбаша шағым жасап жатады. Пәтер иесі кооперативінің төрағасы да үйде кім тұратындығын анықтау үшін жүгініп жатады. Мұндай сәттер өте көп. Жалпы, қажет болған жағдайда Ішкі істер министрлігінің базасынан да сол үйде кімнің тұратындығын тексеруге болады», – деп түйіндеді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Семейде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен бала қайта іздестіріле бастады (фото)
Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Санжар Керімбай кәпірмен төсектес болған қазақ қызының “бомба” хатын талдады
Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға