Семейде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен бала қайта іздестіріле бастады (фото)

Бейсенбі, 12 Қаңтар , 2017 14:54

Семейде осыдан 20 жыл бұрын сауықтыру орталығында жоғалып кеткен бес жасар бала қайта іздестіріле бастады. Ұзақ уақыт бойы іс-түссіз жоғалған жеткіншек табылмағаннан кейін, тергеушілер оны ұрлап әкетті деген байламға келген. Арада уақыт өткеннен кейін полиция жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстарына қайта кірісті. Олар арада біраз жыл өткендіктен оқиға куәгерлері немесе қылмыскерлердің өздері бар шындықты айтып береді деп үміттеніп отыр.

erzhan semei

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

1996 жылдың 14 шілдесінде балалар сауықтыру орталығының мейірбикелері 16 баланы серуенге алып шыққан-ды. Сеуіл-серуен аяқталған соң қатарластарымен бірге орталыққа бес жасар Ержан Сүйінжанов оралмай қалды. Ол баланың қандай жағдайға душар болғаны әлі күнге дейін белгісіз.

«Ержанның жоғалып кеткені туралы орталық қызметкерлері тек үшінші күні хабарлады. Сол күннен бері ол іс-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында. Не болғанын сол күйі ешкім түсіндіріп бере алмады. Мейірбикелер баланы жіті бақылап тұрғандарын, ал бір сәтте оны таба алмай қалғандарын айтқан еді», – дейді баланың немере ағасы Даниал Сүйінжанов.

Баланың іс-түссіз жоғалып кеткені белгілі бола салысымен-ақ, құзырлы органдар іздестіру жұмыстарына кіріскен. Тіпті, оған әскерилер мен орманшылар жұмылдырылған.

«500-ге жуық адам 10 шақырым бойы бір-бірінен жарты метр қашықтықта орманды тінтіді. Іздеуге қызметтік-іздеу иттері мен тікұшақ та қосылды. Егер баланы әлдебіреулер өлтірсе не болмаса жабайы аңдар шабуылдаса, бір із қалар еді. Бірақ ештеңе табылмады», – дейді Семей қаласы ІІБ қылмыстық полициясы іздеу бөлімінің жедел уәкілі Саят Сартов.

Сауықтыру орталығының қызметкерлері де ештеңені ашып айта алмады. Олардың сөзіне қарағанда барлық балалар бірге ойнап жүрген, ал бір сәтте Ержан жоқ болып кеткен. Аталған мекеме директоры жұмысына салғырт қарап, қол қусырып қарап отырғаны үшін жұмыстан қуылды. Ал Ержанның отбасына моральдық өтемақы төленді.

«Баланы іздеу барысында жедел-іздеудің барлық шаралары қолданылды. ШҚО бойынша АХАЖ органы тексерілді (аты-жөнін, туған күні, айы мен жылын ауыстырған адамдар арасында). Дәл осындай жедел сұранымдар Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның құқықтық мекемелеріне жіберілді. Мысалы, отбасында баланы Епося деп атайтынын білдік. Барлық мектеп мұғалімдерінен осы сөзді оқушылардың алдында айтуын өтіндік. Бәлкім сол кезде жаңа есімге ие болған бала бірдеңені есіне түсірер деп үміттендік», – дейді Семей қаласы ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Адам ұрлау қылмысы бойынша іздестіру мерзімі ескіргендіктен, іздеу шаралары қайта басталды. Қазіргі уақытта сол күні Ержанмен бірге болған, бүгінде есейген балалардан жауап алынуда. Одан кейін сауықтыру орталығының қызметкерлерімен жұмыс басталмақ.

Бұл аралықта Сүйінжановтар отбасы сан мәрте рет Интерполдың көмегіне жүгініп, «Жди меня» бағдарламасына барған. Сол сияқты әртүрлі министрлер көріпкел-балгерлердің табалдырығын тоздырған.

Сүйінжановтар отбасы баланы асырап алу үшін ұрлап әкеткендігіне сенімді. Солай болған жағдайда, Ержан бүгінде ер жеткен 25 жастағы жігіт. Ата-анасы күндердің күнінде сүйікті кенже ұлдарын көреміз деп үміттеніп отыр.

«Егер Ержан басқа отбасында тәрбиеленіп жатса, солай-ақ болсын. Біз оны асырап алған ата-анасына заңдық тұрғыдан ешқандай да шағым түсірмейміз. Біз бар болғаны ұлымыздың тағдырын білгіміз келеді», – дейді Даниал Сүйінжанов.

Жіберіп алмаңыз:

Бигелді Ғабдуллин өз кінәсін толықтай мойындап 20 млн теңге төледі

Орал тұрғыны бас киімнің ақысын кәдесый есебіндегі 10 мың теңгемен төлей салмақшы болған

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

Шымкентте сатушы әйелдің өлімі бойынша айыпталған күйеуі кінәсін мойындаған жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Құдай сақтасын..недеген ауыр ата-анасына

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар