Бигелді Ғабдуллин өз кінәсін толықтай мойындап 20 млн теңге төледі

Сәрсенбі, 11 Қаңтар , 2017 17:41

Бопсалау бабы бойынша айыпталған Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллин өз кінәсін толықтай мойындап, 20 миллион теңгеден астам айыппұл төледі.

1040276

Фото: altaynews.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Сәрсенбі, 11 қаңтар күні Астана қалалық ауданаралық мамандандырылған сотында Ғабдуллин ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Оның ісі ҚР ҚК 194 бабы 4 бөлімі 2 тармағы негізінде қарастырылған болатын.

“Сотқа дейінгі тексеру кезінде Ғабдуллин өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді, сондай-ақ, істің ашылуы үшін белсенді қатынасты. Зардап шеккен тарапқа келтірілген 20 миллион 625 мың теңгені өтеді. Іс бойынша барлық зардап шегушілер Ғабдуллиннің шығынды толықтай төлегенін айтты”, – деді адвокат Аманжол Мұхамедияров сотта.

Тыңдау кезінде адвокат қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатып, Ғабдуллинді қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түсірді. Судья Бағлан Ыдырысов кеңесу бөлмесіне кетті.

Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғаны туралы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро 2016 жылдың 15 қарашасында хабарлаған. Ол өзі басқарған ақпарат құралдарын пайдаланып, мемлекеттік органдардағы басшыларға ақпараттық шабуыл жасаған, олардың беделіне нұқсан келтіретін мақалалар жариялаймын деп қорқытқан.

Оқи отырыңыз:

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Семейде ауылдан туысқандарына келген әйел дүрбелең тудырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар