Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай жағдайда қазақстандықтар коронавирусқа шалдықса, ауруханаға жатқызылады?

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирус жұқтырған науқастар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

"Коронавирус инфекциясы расталған пациенттерді емдеуге жатқызу және бақылау алгоритміне жеке тоқталғым келеді. Талдаулары оң нәтиже көрсеткенде және аурудың ешқандай белгісі болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға, үйден шықпай-ақ қоңырау шалу немесе Сall-орталығына 3000-103 нөміріне жүгінуі қажет. Амбулаториялық жағдайдағы бақылауды МСАК мобильді бригадалары келесі алгоритмге сәйкес жүргізеді: күн сайын екі рет телефонмен хабарласу; жалпы жай-күйін, дене қызуын бағалау, сырқаттану бойынша шағымдарын (жөтелу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, тершеңдік, диарея, бөртпе, миалгия және тағы басқа) анықтау, сатурация (мүмкін болғанда); қажет болған жағдайда үш күнде бір рет бейне-консультация жүргізу",– деді басқарма басшысы.

Сөзінше, симптомсыз коронавирусқа шалдыққандар 10 күн өткен соң ПТР-тесттен қайта өтеді екен. 

"Бақылау кезеңінде клиникалық симптомдарының (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу) дамуы кезінде пациент жұқпалы аурулар стационарына жіберіледі. Емдеуге жатқызуға COVID-19 диагнозы расталған, егер олардың температурасы 3 күн ішінде 38,5°С болса, сатурация (қанның оттегімен қанығуы) 95 пайыздан аз болса, екі өкпесінде де 25 пайыздан астам өзгерістері таралған пневмония белгілері бар (КТ нәтижелері болған жағдайда) пациенттер жатады",– деп қосты Надыров.

Бұған қоса басқарма басшысы жатақхана сынды халық көп шоғырланған орындарда тұратын азаматтар мен 65 жастан асқан қариялар міндетті түрде ауруханаға жатқызылатынын алға тартты. 

"Тағы да ауруханаға жатқызу алгоритміне назар аударғым келеді. Егер сізде тестінің оң нәтижесі болса, бірақ симптомдар болмаса, жедел жәрдем шақырудың қажеті жоқ. Сізге емханаға немесе 300-01-03 нөмірі бойынша Call - орталыққа хабарласу қажет. Сіздің ауруханаға жатқызу мәселеңіз емхана деңгейінде шешілетін болады.Осы жағдайды пайдалана отырып, халыққа жеке карантиндік шараларды қатаң сақтауға және мамандардың ұсыныстарын басты назарға алуға шақырамын",– деді Камалжан Надыров. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда індетке тап болғандардың көбі қонаққа барғандар екені айтылған еді. 


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Маусым, 2020 17:18
Талқылау