Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандардың көбі қонаққа барған: Бекшин Алматыдағы жағдай туралы

Алматылықтардың арасында қонаққа барып, коронавирус жұқтырғандардың қатары көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қаланың бас дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтып берді. Қаладағы адам көп шоғырланатын жерлер қазіргі таңда өте қауіпті екенін айтқан ол бір дәмхананың ішінде 60 адамға дейін маскасыз отырған оқиғалардың да анықталғанын айтып берді.

"Наурызбай ауданында екі дәмхана жабылды. Сол екі дәмханада: "Алматы", "Панорама" дәмханаларында ешқандай эпидемиялық талаптарды сақтамай, маскасыз және шоғырланып, 60-тан астам адамға ас берілді. Мониторинг топтары бұл заңбұзушылықтарды тоқтатты. Осы асқа қатысқан адамдарға түсініктеме айтқаннан кейін бәрі тарап кетті", - деді Бекшин.

Вирус жұқтырғандардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген кезде олардың басым көпшілігі қонаққа барғандарын алдыға тартуда. Кішкентай жиындар өтіп жатқаны жасырын емес, бұл адамдар үшін қауіпті болып тұр, дегенмен халық жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсіне қоймады дейді ол.

"Біз анализ жасаған кезде, көбінесе, осындай адам көп шоғырланған жерге барыпты. Ең бірінші жабық баспаналарда, сауда орталықтарында болған. Өкінішке қарай, жасырын айтады. Ауырып жатқандардан сұрастыру жүргізген кезде "қонаққа бардық" дейді. Жасыратын ештеңе жоқ. Банкеттер жасап жатыр екен. Сондықтан тұрғындардан адам көп жиналатын орындарға бармауды сұраймыз. Ал, мынадай жабық орындарға барған кезде маска тағу керек, антисептик пайдалану керек. Нысанның ішіне кіргенде санитейзерді пайдалану керек", - деді Бекшин.

 

Талқылау