Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай депозиттер қазақстандықтардың сенімінен шығады: Halyk ең керемет шарттарды ұсынды

Бүгінде депозит өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғандай. Себебі қаржылық тұрақтылты қамтамасыз ету үшін ақша үнемдеушілер саны күн сайын артып келеді. Осы тұста қаражатты жинауда тиімді құралдардың бірі банктік депозит. Ал ақшаны сақтау үшін банкті дұрыс таңдау өте жауапты міндет. Қазір адамдар алдымен ақшаны сақтаудың негізгі талаптарын барынша тексереді. Осы тұста Halyk Bank ақшасын тиімді басқарғысы келетіндер үшін ең керемет шарттарды ұсынды.

Көпшілік үшін: “Қаражатты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қорғайды ма? Банк қаншалықты тұрақты және сенімді? Ол өз клиенттеріне қандай пайыздық мөлшерлемелерді, ақша салу шарттары мен артықшылықтарды ұсына алады?”, – деген сауалдар бірінші орында тұрады.

Бүгінгі таңда Halyk өзінің депозиттік портфелінің көлемі бойынша Қазақстандағы қаржы институттары арасында көш басында тұр. Депозиттердің 30%-дан астамы яғни,10 триллион теңгеден астамы осы банкте шоғырланған және олардың барлығы Қормен сақтандырылған.

Halyk өз салымшыларына депозит ашып, сақтаудың ең керемет шарттарын ұсынады:

– депозиттердің максималды мөлшерлемесі. Halyk сіздің жинақтарыңыздың тезірек өсуі үшін бәсекеге қабілетті көлемде пайыздық мөлшерлемелерді ұсынады;

– банк сақтау күндерінің санына қарамастан қаражатты алар кезде комиссия ұстамайды. Себебі өзге банктер, ақшаны сақтау мерзімі 15 күннен аз болса, оны шығарарда комиссия алады. Halyk қосымшасынан депозитіңізден ақшаны тегін алуға болады. Сондықтан сізге енді өзге де шығындар туралы ойлап, қаражатты алуға болатын күндерді санап жүрудің қажеті жоқ;

– Halyk қосымшасында депозиттен ақша алу кезінде шектеулер жоқ. Бұл сіздің ақшаңызды мүмкіндігінше тез және ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді;

– депозиттегі қаражатыңызды бақылауға тұрақты қол жеткізу. Halyk-та депозит ашу процесі барынша ыңғайлы әрі түсінікті;

– депозиттегі ақшаны шотқа аудару арқылы кез келген шетел валютасына айырбастау мүмкіндігі бар.

Халық депозиттерінің тағы бір артықшылығы олардың алуан түрлілігінде. Әрбір адамның жеке өзіндік қаржылық мақсаттары болады. Банк осыны ескере отырып, қажеттіліктерге сай әртүрлі депозиттерді ұсынады. Қысқа мерзімді депозиттерден ұзақ мерзімді инвестицияларға дейін, сіз өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдай аласыз.

Halyk-та депозиттің үш түрінің бірін таңдауға болады: Оларға "Әмбебап", "Максимум" және білім беру бағытындағы "Aqyl" жатады.

"Әмбебап" депозиті өз қаражатын еркін басқарғысы келетіндерге және кез келген уақытта кедергісіз шығарып алуды қалайтындарға арналған.

"Максимум" депозиті ақшаны көбірек жинап, үстінен барынша көп пайда табуға бел буған клиенттер үшін қолайлы.

Ал "Ақыл" балаларының болашағын ойлайтындарға арналған. Бұл өзіңізге немесе балаларыңызға білім алу үшін алдын ала ақша жинауға мүмкіндік береді.

Қалауыңызға қарай сіз өзіңіз үшін ең қажетті депозит түрін таңдап, банк бөлімшесіне бармай-ақ ақшаңызды комиссиясыз және лимитсіз Halyk қосымшасы арқылы 24/7 басқара аласыз.

Депозит шарттары туралы толығырақ ақпаратты мына жерден біле аласыз:

  1. Halyk қосымшасы
  2. сілтеме арқылы Банктің веб-сайтында
Талқылау