Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Pepsi, AstraZeneca": Әлемдік брендтер Қазақстан нарығына шығады

Фото: ЖИ 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Қуантыров Қазақстанда өз кәсіпорнын ашуды жоспарлап отырған әлемдік брендтерді атады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Шын мәнінде ауысып келіп, жұмыс істеп жатқан компаниялар көп. Олардың кейбірі бұл туралы ашық айтпайды. Бірақ біз олармен бәрін пысықтап жатырмыз. Mars компаниясы ірі жоба жасап жатыр. Сондай-ақ Pepsi деп бар”, – деді Алибек Қуантыров.

Министрдің орынбасары тек америкалық брендер емес, сонымен қатар Парсы шығанағы, Түркия мен Қытайдан әлемдік брендтер келіп, Қазақстан нарығында дамымақ.

“Жақын арада AstraZeneca компаниясының кәсіпорын желісінің ашылу салтанаты болмақ. Компания қатерлі ісікті емдейтін дәрі-дәрмек шығарады. Ұлыбританияда болғанда компанияның  Кембридждегі кеңсесіне бардық. Олар жақын арада осы желіден өнім шығаруды жоспарлап отыр. Pfizer де дәл солай”, – деді Алибек Қуантыров.

Ірі компаниялар Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласына тек қазба байлықтарды өндіру мақсатында ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеуді дамыту үшін де Республика нарығына шығып жатыр. 

“Мысалы, жүгеріні күшті өңдейтін Fugeng компаниясы (Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған өнеркәсіптік парк салу жоспарланып отыр), Dalian компаниясы. Бұлардың бәрі – әлемдік деңгейдегі өндірушілер, сондықтан брендтер өте көп. Қазақстан нарығы оларға өте қызық. Бұл – жаңа жұмыс орындары, жаңа салықта, жаңа құзыреттер, технологиялардың келуі және тағы басқа. Бұрын көптеген компаниялар технологияларымен онша бөлісе қоймаса, қазір біз өз жағдайымызды жасап жатырмыз, ал олар өздері қызығушылық танытып отыр”, – деді министрдің орынбасары.

Алибек Қуантыров әлемдік брендтері бар компаниялардың кооперативтік саясаты жергілікті өндірісті барынша дамытуға, жергілікті тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтер сатып алуға және жергілікті халықты барынша тартуға бағытталғанын атап өтті.

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Мамыр, 2025 15:36
Талқылау