Қанат Исламның салмақ өлшеу рәсімінде танымал боксшылар төбелесіп қалды (видео)
Бүгін Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімінде 29 қазанда Алматы арена сарайында өтетін спорт кешінде жекпе жекке шығатын боксшылар да салмақ өлшеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Салмақ өлшеу рәсімінде ганалық боксшы Айзак Ари қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа доқ көрсетіп, кеңірдегіне жармасты. Бұған жұдырығын ала жүгірген Жанқошты ұйымастырушылар дер кезінде тоқтатты. Шетелдік боксшылар мұнымен шектеліп қалған жоқ, Жәнібек Әлімхановпен қолғап түйістіретін АҚШ боксшысы Милтон Нунезде отандасымызға жұдырығын ала жүгірді. Олардың бұл қылығын Қанаттың жаттықтырушысы Лопез тоқтатып, олай жасауға болмайтынын ескертті.
Залдан: «Жігіттер, бүгін сабыр сақтап, ертең аямаңдар!» деген айқай естіліп жатты.
Еске сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазан күні Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.
Бұл күні Қанат Исламнан бөлек, Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлының кәсіби бокстағы айқастарын тамашалайтын боламыз.
Жіберіп алмаңыз:
Миллионер өзіне адал қызмет еткені үшін хатшысына мұрагерлікке 75 млн евро қалдырған
Қазақстанда Bentley автокөлігі көбейетін болды
Елімізде алғаш рет күйзелістен арылу бөлмесі ашылды (видео)
Қаңғыбасқа 100 доллар беріп аңдыған жігіт оның үйсіздерге тамақ алып бергенін көрді (видео)
Күйеуі әйелінің көңілдесін бопсалап біразға дейін ақша алып келген