Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Bentley автокөлігі көбейетін болды

Алматыда британдық Bentley автокөлігінің алғашқы шоурумы ашылды.

pic_c40a4b981ad750ee7047199c99f4a577

Бұл туралы бренд өкілдері Лента.ру-ға хабарлаған.

Жалпы аумағы 113 шаршы метрді құрайтын салон-бутик Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінен орын алды. Онда сатып алушылар танымал автокөлікке, сондай-ақ, Bentley Collection аксессуарлары мен жәдігерлік заттарына қол жеткізе алады.

Bentley компаниясының ТМД-дағы басшысы Марко ван Алтен:

«Қазақстан Bentley үшін ТМД-дағы ең маңызды нарықтық орта болып табылады. Халықтың танымал автокөлік брендіне деген қызығушылығы жоғары. Өз кезегінде ол кәсіптің кеңеюіне мүмкіндік ашады. Біз серіктесіміз Bentley Almaty компаниясының қала орталығында шоурум ашқанына қуаныштымыз және жаңа орталыққа табыс тілегіміз келеді», – деп пікір білдірді.

Айта кетейік, Bentley Motors компаниясының негізі 1919 жылы Ұлыбританияда қаланды. Ол 1998 жылдан бері Volkswagen Group концернінің қатарына кіреді.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде алғаш рет күйзелістен арылу бөлмесі ашылды (видео)

Қаңғыбасқа 100 доллар беріп аңдыған жігіт оның үйсіздерге тамақ алып бергенін көрді (видео)

Күйеуі әйелінің көңілдесін бопсалап біразға дейін ақша алып келген

Ғалымдар Иса пайғамбардың қабірін ашып зерттеу жүргізді (видео)

Талқылау