Қанат Бозымбаев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді
ҚР Үкіметінің отырысынан кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Ғани Сәдібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің министрліктің вице-министрі және департамент директоры қамауға алынды. Бұл біздің министрлік үшін, ұжым үшін өте ауыр соққы болды. Бірақ, осы кезеңде әрбір сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына, тиісті адвокаттарға жолдау керек.
Өйткені, қазіргі таңда біздің министрлікте ешқандай материал жоқ. Сондықтан біз мәлімет бере алмаймыз», – деді Қанат Бозымбаев.
Еске сала кетейік, ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырды деген айыппен ұсталды.
Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты күдікті – Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновке қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды.
Оқи отырыңыз:
Қаназдық (анемия) дертіне шалдықпас үшін қандай ұнды таңдаған жөн?
Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады
Жүрек талмасы ұстап қалған жағдайда 10 секунд ішінде өзіңізді құтқарып қалу жолын үйреніңіз
Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі