Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қор акционерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сай директорлар кеңесі құрамынан Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев шығарылды. Директорлар кеңесіне Президент әкімшілігі басшысының бірінші бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кірді.
"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Қуантыров А.С., Сәтқалиев А. М., Сүлейменов Т. М.", – делінген хабарламада.
2021 жылы қарашада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен кетіп, орнына Қанат Бозымбаев тағайындалған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”