Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канар аралдарында 300-ден астам мигрант жоғалып кетті

Сенегалдан Испанияның Канар аралдарына үш қайықпен жолға шыққан 300 мигрант із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайықтардың бірінде шамамен 65, екіншісінде 50-60, ал үшіншісінде 200-дей адам болған. Үш қайық та Канар аралдарының бірі Тенерифеден 1700 шақырым жерде орналасқан Сенегалдың оңтүстігіндегі Кафутиннен шыққан.

"Жоғалған мигранттардың отбасы жолға шыққаннан бері олардан хабар ала алмаған", - деді Walking Borders қайырымдылық ұйымының өкілі Хелена Маларлено.

Батыс Африка жағалауындағы Канар аралдары Испанияға жылдам жетуге асығатын мигранттардың негізгі мекеніне айналды. Жерорта теңізі арқылы Испания материгіне өтетін мигранттар саны әлдеқайда аз.

БҰҰ мәліметі бойынша, 2022 жылы Канар аралдарына жетпек болған 559 адам қаза болған,  оның 22-сі балалар. 

Талқылау