Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық хоккей фанаттары қазақстандық қақпашыға орындарынан тұрып қошемет көрсетті (видео)

Қазақстанның жастар командасы хоккейден Канаданың Виктория қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде алғашқы ойынын өткізді. Ел құрамасы Финляндиядан 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Әйтсе де, канадалық хоккей жанкүйерлері өз қақпасын барынша қорғаған қазақстандық қақпашыға орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Канадалық хоккей фанаттары қазақстандық қақпашыға орындарынан тұрып қошемет көрсетті (видео)

Қарсылас команда алғашқы бөлімде қақпашы Демид Еремеевті екі мәрте “ренжітті”. Екінші жиырма минутта финдық хоккейшілер ұпай санын бірге арттырды.

Үшінші бөлімде де финдіктер басым түсіп, екі ұпайға ие болды.

Алайда матчтың ең үздік ойыншысы деп қазақстандық қақпашы Демид Еремеев танылды. Ол 56 соққының 51-ін кері қайтарды. Жеті мыңға жуық канадалық жанкүйер Еремеевке орындарынан тұрып, қол соқты.
“Финдіктер гимн орындалған соң, киім ауыстыру бөлмесіне кетті, ал трибунадағы жанкүйерлер Қазақстан құрамасына қошемет көрсетуде. Ал Еремеевті жібермей, тағы бір рет қол соқты”, – деп жазды белгілі қазақстандық комментатор Александр Олейник желідегі парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ХК “Барыс” (@barys_official)

Талқылау