Дәрігерлер зағип зейнеткердің көзіне тіс салып, көру қабілетін қайтарды
Фото: pixabay.com
Канадада зағип әйелдің сол көз ұясына тіс имплантациялау арқылы көру қабілетін жартылай қалпына келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post порталына сілтеме жасап хабарлайды.
75 жастағы Гейл Лейн он жыл бұрын шынайна қабығында (роговица) тыртық қалдырған аутоиммундық аурудың салдарынан көзінен айырылған. Ол – Канадада "көздегі тіс" деп аталатын (остеоодонтиялық кератопротездеу) сирек отаны өткерген үш әйелдің бірі.
Оның айтуынша, отадан кейін ең алғаш жарықты және серіктесінің қызметтік итінің бұлғақтаған құйрығын көрген. Ал операция толық аяқталғаннан кейін алты ай өткен соң, Гейл көзі қайта көрген кезде, бұрын зағип кезінде танысқан сүйіктісі Филдің жүзін алғаш рет көрген.
Ванкувердегі Маунт-Сент-Джозеф ауруханасының офтальмологы Грег Молони Канадада бұл сирек отаны алғаш жасаған дәрігер болды. Дәрігердің сөзінше, процедураның алғашқы кезеңінде науқастың тісі алынып, бірнеше ай бойы ол бетінің ішкі жағына (ұртқа) салынып, берік дәнекер тінмен қоршалғанша сонда ұсталады.
Кейінірек ұртынан тіс пен тін алынып, оның тесігіне линза немесе пластикалық фокустайтын телескоп орнатылады.
"Бұл күрделі әрі әдеттен тыс операция, бірақ негізінен шынайнаны алмастыруға саяды", – деді Молони.
Биыл мамыр айында АҚШ-та алғаш рет мойын омыртқасындағы ісікті көз ұясы арқылы алып тастау отасы жасалды. Ісік миға жауапты маңызды орталықтарға қауіп төндіріп, жоғарғы мойын омыртқаларын қамтыған. Оны жұмсақ тіндер арқылы алу өте қауіпті болғандықтан, дәрігерлер көз ұясын пайдаланған.
Ер адам жүрегі тоқтағаннан кейін 45 минуттан соң қайта тірілді
Әйел жүкті екенін білген күні 17 сағаттан соң босанды
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Техас штатында 25 жастағы Брианна Лафферти клиникалық өлім жағдайын бастан кешіріп, ерекше рухани тәжірибе алғанын айтты. Сирек кездесетін миоклоникалық дистония дертімен ауыратын ол 2017 жылы тұмаудан кейін ұзақ ұйықтай алмай, ауруханаға түседі. Дәрігерлердің айтуынша, оның жүрегі сегіз минутқа тоқтаған. Сол сәтте ол жарыққа толы туннель, сандар жазылған бөлме және әртүрлі бейнелерді көрген. Бұл оқиға оның өлім туралы көзқарасын түбегейлі өзгертіп, өмірдің физикалық тәнмен шектелмейтініне сендірген. Қазір Брианна рухани гид болып, созылмалы аурумен күресетін адамдарға көмектеседі.

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
