Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Канадада ер адам бүтіндей мұсылман отбасын қасақана өлтірген

Канаданың Лондон қаласында көлік жүргізушілері қасақана бес адамды қағып кеткен. Төрт адам, соның ішінде жасөспірім көз жұмды. Тағы бір бала ауыр жарақаттарымен ауруханада жатыр. Билік оқиғаны "мұсылмандарға бағытталған жаппай өлтіру" деп бағалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті ретінде Натаниэл Велтман есімді 20 жастағы канадалық ұсталды. Оған адам өлтірді, адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Бұл шабуыл Канада тарихындағы мұсылмандарға қарсы жасалған ірі шабуылдардың бірі деп танылуда.

Полиция дерегінше, құрбан болған адамдардың бар кінәсі олардың мұсылман болуында.

Қайтыс болғандар арасында 74 және 44 жастағы екі әйел, 46 жастағы еркек, 15 жастағы қыз бар. Полиция 9 жастағы баланың жарақаттары ауыр екенін, алайда өміріне қауіп төніп тұрмағанын мәлім етті. Жақындарының өтініші бойынша құрбан болғандардың аты-жөні жарияланбады. 

"Бұл қылмыс қоғамда, әсіресе мұсылмандар арасында қорқыныш пен алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Мен барлық лондондықтарды біз мұндай мінез-құлыққа және жеккөрушілікке итермелейтін адамдарға тосқауыл болатынмызға сендіргім келеді", – деді Лондон полициясының бастығы Стивен Уильямс.

Қала әкімі әрекетті исламофобия деп бағалады.


100-ден астам адам өлтірген атақты мафия қылмыскері бостандыққа шықты 


"Бұл әрекет мұсылмандарға, қала тұрғындарына қарсы жаппай зорлық-зомбылық, терең жеккөрушілікке негізделген. Исламофобияның бұл көрінісінен кейін тұрғындар  мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық және әділеттілік танытулары керек", – деді Лондон қаласының мэрі Эд Холмер.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Маусым, 2021 15:11
Талқылау