Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан қысымының төмендеуіне қарсы пайдалы кеңестер

Қан қысымы төмен жандардың кешкен күйін оңай деуге болмайды. Олардың кейбірі (көпшілігі әйелдер) қит етсе болды естен тануға бейім. Ал егер найзағай ойнап, дауыл тұрып, аптап ыстық болса немесе ауа қысымы өзгерсе, жағдай да ауырлай түседі. Мұндай күндері олар басын жастықтан көтере алмайтын күйге түседі.

Қан қысымының төмендеуіне қарсы пайдалы кеңестер

Көптеген гипотониктер қан қысымы жоғары адамдармен салыстырғанда, инфаркт пен инсультқа ұшыраудан дін аман боларын сенеді. Ол шындыққа жанасады. Артериялық қысымның көтерілуі бұл  қауіпті арттырады. Бірақ  40 жастан асқан соң гипотониктер көбіне гипертоникке айналып жатады. Дәл осы себепті белгілі бір жастан кейін қан қысымын бақылауда ұстау қажет.

  1. Бұл адамдар тыныштық күйінің өзінде ауа жетіспеушілігін сезінеді. Ал денеге түскен ауырлықтан кейін демігіп жататыны тағы бар. Көпшілігінің кешқұрым уақытта аяғы ісінеді. Аталған дерт есте сақтау қабілетінің нашарлауы, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Кейде жыныстық құмарлықтың төмендеуіне де сеп болады. Гипотонияның салдарынан әйелдерде етеккір бұзылса, ер адамдардың еркектік қауқары төмендейді. Мұндай жағдайда өмір сүрудің өзі оңайға соқпайды. Ал тек дәрі-дәрмектің көмегіне сенім арту тиімді емес. Оның орнына өмір сүру салтын өзгерткеніңіз дұрыс емес пе? Шындығында, ол – әлдеқайда тиімді. Ол үшін мына әрекеттерді байқап көріңіз.
  2. Шылым мен ішімдіктен бас тарту. Ішімдіктің өзге де зияны баршылық. Ол қан тамырларын кеңейткенімен, артынша оларды бұрынғыдан бетер тарылтады. Бұл өз кезегінде қан қысымын одан сайын төмендетеді. Ал никотиннің қан тамырларға тигізер зияны – сөзбен айтып жеткізгісіз.
  3. Қапырықта қалмауға тырысу. Таза ауада серуендеп, бөлменің ауасын тазартып, ұйықтағанда терезені ашық қалдру қажет. Суықтан дүкенге, метроға кірген кезде алдын-ала сырт киіміңіздің алдын ашып, бас киіміңіздің шешкеніңіз дұрыс.
  4. Қан тамырларын қысатын тар киімдер кимеңіз. Әсіресе кеудеңізге киетін киімдердің тар болмағаны абзал. Сондықтан водолазка, свитерлерді ұмытқаныңыз жөн.
  5. Тәулігіне 7-8 сағаттан аз ұйықтамаңыз. Гипотониктер үшін ұйқы – ең жақсы дәрі. Ұйқысы қанбаған кезде олар ашуланшақ, ызақор, енжар ғана болып қоймай, естен тануға да бейім келеді. Төсектен тұрған уақытта біртіндеп, асықпай көтерілгеніңіз дұрыс. Алдымен жатқан қалпыңызда керіліп, мұнан кейін отырып, осыдан соң ғана тұру керек. Ал таңертеңгілік жаттығуды төсекте жатып-ақ жасауға болады.
  6.  Аз-аздан жиі тамақтаныңыз. Шамадан тыс тамақтану гипотония дертін қоздырады. Себебі қанның барлығы ішке қарай ағады да, бастың қан тамырларына қорек жетіспей қалады. Сондықтан күніне 5-6 рет аз-аздан ауқаттаныңыз. Ол сымбатыңыз үшін тиімді, ал денсаулығыңызға пайдалы болмақ.
  7.  Қан тамырларын нығайту. Ол үшін суық су құйынып, контрасты душ қабылдағаныңыз жөн. Бұл әрекеттерді күніне екі рет жасасаңыз, пайдасы да орасан болмақ. Суық және ыстық суды кезектестіріп жуыну денсаулықты шынықтырып, қан тамырларын дағдыландырады. Әуелі сүртінуден бастауға болады. Сонымен қатар тұрақты түрде моншаға не саунаға барудың да пайдасы зор.
  8. Тұрақты түрде спортпен шұғылдныңыз. Гиподинамия – гипотония қатері факторы. Бұл ретте суда жүзу, жүгіру, би билеу және фитнес тиімді. Тіпті, жаяу жүруге де болады. Оған қоса ұзақ уақыт бір қалыпта тұрмауға тырысыңыз.
  9. Күйзеліс, қобалжудан сақтаныңыз. Органикалық себептерге байланыссыз созылмалы гипотония орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына байланысты пайда болады. Сондықтан психологиялық қысымнан аулақ болып, жүйке жүйеңізді нығайтудың маңызы зор.
  10. Таңғы астан бас тартпаңыз. Қан қысымы төмен адамдарға таңертең тамақтану – өте пайдалы. Шай немесе күшті кофе, тұздалған балық, сары май жағылып, ірімшік салынған бутербродтармен тамақтану гипотониктер үшін рұқсат қана емес, тіпті дігерлердің өзі оған кеңес береді. Бірақ кофеиннің көп мөлшерінің зияны жоқ емес. Бір шыны эспрессо – пайдалы, ал 3 шынысы артық болмақ. Ал калориясы көп тағамды да белгілі бір мөлшерде ғана жеген абзал.
Талқылау