Кәмшат Жолдыбаева: Қыздар мені сынамай, үлгі алсын
Күні кеше су жаңа бейнебаянын жарыққа шығарған Кәмшат Жолдыбаева “Падишаның” қалай түсірілгенін айтып берді. Ол түсірілімнің қауіп-қатерге толы болғанын тілге тиек етті.
Бұл туралы Кәмшат “Гәкку” арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды Stan.kz.
«Дайындық барысы өте ұзақ болды. Клиптің өзі әрі кетсе 1,5 күннің ішінде түсірілді. Бірақ өте қиын болды. Өйткені адреналин, қауіп көп болды», – дейді Кәмшат.
Кәмшат қыздар бейнебаяндағы образы үшін сынамай, керісінше өзінен үлгі алса дейді.
«Өздерінің бойынан жүректің түбінде тұнып жатқан сезімдердің барлығын ақтарып, махаббатты шығарып, бүкіл сұлулығының ерекшелігін көрсетіп, өз ер азаматына паш етсе, сол кезде ғана оның ер азаматы оған қошеметпен, құрметпен бағалап, қасында көтеріп жүреді деген сенімдемін», – деп ағынан жарылды әнші.
Жолдыбаева әркез сынға дайын екенін де жасырмайды:
«Міндетті түрде дайынмын. Мен бастапқыдан өзіме киім жағынан шектеу қоймағанмын. Өйткені өнер мен үшін үлкен әлем».
Қыздарға ән арнаған Кәмшат жігіттер қауымын да ренжітпеймін деп отыр.
«Бұл жолы «Падиша» деп қыздарға арнасам, қыздар өзінің бойынан осы қасиетті тапсын десем, келесіде мүмкін жігіттер қауымына керемет ән дайындаймын», – деп түйіндеді сөзін ол.
Еске салайық, бұған дейін Кәмшаттың “Падиша” клипінде шешініп тастағанын жазған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Анасы Алтынай Жолдыбаевадан желідегі ұятсыз суреттерін өшіруді талап еткен
Елбасы Ақан Сатаевпен кездесіп, киносына жоғары баға берді (видео)
Диана Шарапованың жолдасы сәбиінің жынысын торттың түсі арқылы анықтады (видео)