AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева: Менің ұялатын образым жоқ

Кәмшат Жолдыбаева өмірі мен шығармашылығына, өмірлік ұстанымдарына қатысты сұхбат берді. Әнші бұл туралы “50 және бір сұрақ” айдарында айтты.

Кәмшат Жолдыбаева ел алдында көп сынға ұшыраған әншілердің бірі. Көпшілік оны ашық образдары үшін сынға алады. Алайда әнші бұдан еш әбестік көрмейді. 

“Менің елден ұялатын образдарым жоқ, ешқайсысы үшін ұялмаймын”, – деді әнші. 

Жолдыбаева ата-анасынан кейін Баян Мақсатқызын ерекше алғысын айтады. Ол бұрынғы продюсерін өзінің жетістіктеріне тікелей қатысты адам деп атады. 

“Ата-анамнан кейін Баян Мақсатқызына ерекше рахмет айтар едім. Менің осы күнгі жетістіктерім сол кісінің арқасы”, – дейді ол. 

Жолдыбаева алдымен Алладан денсаулық тілеп, жақындарының амандығын сұрайды. Үшінші тілегі – елдің тыныштығы, бейбіт заман болғанын қалайды.

“Өмірде осы күнде жеткен жетістіктерім ең алдымен өзімнің еңбегімнің нәтижесі” деп біледі әнші. 

Кәмшат ханым бақсы-балгерге сенбейді. Әншіліктен актрисалық өнерді жоғары қояды. Ал әріптестері арасында Жанар Дұғалованы, Айқынды әнші деп ерекше бағалайтынын айтады. 

Стилін өзгерткенді қаламайтын әнші энергияны табиғаттан алады. Ал хайп үшін арзан дүниелерді жасауға әуес емес. 

“Атақты болғаным үшін өкінген кездер болған емес. Осы жетістіктеріме ризамын. Бүгінгі күнімді бала кезден армандаған едім”, – дейді әнші. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр