Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмелетке толмаған қызын азғындаған деген күдікке ілінген: Шымкенттік азаматтың мәйіті Қапшағайдан табылды

Өзінің кәмелет жасына толмаған қызын азғындаған деген күдікке ілінген ер азаматтың Қапшағайдан денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Туған қарындасының қызын зорлады: БҚО-да ер адам жиендеріне бір жыл бойы зорлық жасап келген

Бұл туралы Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Шымкент қаласы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына қатысты құқықбұзушылық жайты бойынша ҚР ҚК 124 бабының 1 бөлігімен күдікті саналған азаматтың 2020 жылдың 13 тамыз күні Қапшағай қаласындағы үйлердің бірінде өлі денесі табылды. Тексеру барысында өзінің басына оқ атқандығы анықталып, мәйіттің сол жағында 10.27 мм калибрлі «GrandPower» маркалы газды-травматикалық тапаншасы табылды", - делінген ресми хабарламада. 

Қылмысқа қатысты күдікті тұлға ұсталып, қамауға алыныпты. Аталған оқиға бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша Алматы және Шымкент қалаларының тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұған дейін БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті түрмеден құтылып кеткені айтылған еді. 

STAN.KZ
Жұма, 21 Тамыз, 2020 14:10
Талқылау