Қалыңдық тойына 10 күн қалғанда у ішіп, экс-жігітіне видео жіберген
Қалыңдық у ішіп, өзінің өліп бара жатқан сәтін видеоға түсірген. Артынша бейнежазбаны бұрынғы сүйіктісіне жіберген. Туыстарының айтуынша, бойжеткен абыройына нұқсан келгендіктен осындай қадамға барыпты.
Бұл туралы ағылшын басылы Daily Mail-ге сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Үндістанның Махараштра штатында тұратын жас қыздың денесі өз үйінен табылды.
Жақындарының айтуынша, сүйіктісі қыздың ар-намысын таптап, тойға аз уақыт қалғанда тастап кеткен. Сондай-ақ, сексуалдық тұрғыдан қысым көрсетіп, бопсалаған.
Ағасы Рави Кавль қыздың өлімі үшін оның экс-сүйіктісі Никхиль Боркарадың жазалануын талап етіп отыр.
“Қарындасымның тойы 4 ақпанда болу керек еді. Бірақ ол некелесуіне 10 күн қалғанда өз-өзіне қол салды. Николь Боркар есімді жігіт қарындасымның өліміне кінәлі. Ол қызды үйленемін деп алдап соққан”, – дейді ол.
Әзірге полиция істі тергеуге алды. Олар Боркарды қамауға ала ма, алмай ма, ол жағы әзірге белгісіз. Жігіттің қызды нақты қандай жолмен бопсалағаны да беймәлім.
Жіберіп алмаңыз:
Тойда ысырап жасағандарға 400 мың доллар айыппұл салынды
Дәрігерлер әйелдің ішінен 34 келі ісік алды
Ғалымдар нағыз сұлу әйелдердің қандай болатынын анықтады
Рим Папасы бортсерік пен стюардессаның некесін ұшақта қиды