Қалыңдық өз тойына кешігіп, тұрмысқа шықпай қалды
Британдық қыз өзінің тойына кешігіп, тұрмысқа шықпай қалды. Тойға кешіккен қызды күйеу жігіті сол уақытта тастап кеткен.
Бұл туралы The Sun басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Той болатын күні Никола Тьюи (Nichola Tuohy) көп қиындықтарға тап болған. Николаға «бетін ауылдың қарапайым қыздары сияқты әрлегені» ұнамаған. Ол опа-далапты жуып тастау үшін үйіне бет алған-ды. Үйіне келген қыз, ата-анасының бұл тойға ризашылығын бермейтіндерін естіген. Ата-анасы салтанат рәсіміне бармайтындарын айтып, тіпті Николаның балаларын да тойға дайындамапты. Балаларын киіндіріп, ертіп шыққан қалыңдық асығамын деп қызының көйлегін ұмытып кеткен.
Нәтижесінде, ол той көйлегін киіп, шіркеуге өзі баруға шешім қабылдайды. Бірақ жалға алған ретро автокөлігінде қауіпсіздік белбеуі болмағандықтан, қалыңдық оған балаларын отырғызбауды ұйғарған. Сонымен қатар, оған ең жақын құрбысы хабарласып, тойға келе алмайтынын айтқан.
«Менің тек жарты сағат қана уақытым болды, ал шіркеу 32 шақырым жерде орналасқан. Не істерімді білмей төсекке жатып қалдым», – деп мойындайды Никола.
Бұдан кейін ол үйіне барып, қызының көйлегін алып, шіркеуге емес, бірден тіркеу рәсімі өтетін жерге барған. Қалыңдығының әрекетіне ашуланған күйеу жігіт ойына келгенді айтып, қызды тастап кеткен.
Күйеу жігіт қарым-қатынасты үзгенін айтып, ашуы басылған соң ойлануға уәде берді.
«Егер үйлену тойымыздың шырқы бұзылмағанда, біз бірге бақытты болар едік. Бұл жай ғана ұмытып кететін нәрсе емес », – дейді ол журналистерге.
Айта кетейік, ғашықтар бұл салтанатқа бір жарым жыл дайындалып, оған 12 мың фунт (шамамен 950 мың рубль) қаражат жұмсаған. Үйлену тойына дайындық еш қиындықсыз, тамаша өткен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ер адам лотореядан миллион доллар ұтып алып қайтыс болды
Ғашықтар 120 метр биіктікте некелесті (фото)
Әкесіндей азаматтарға тұрмысқа шыққан азиялық жасөспірімдер (фото)
Қабығымен жеуге болатын банан өсірілді (фото)