Қалыңдық құрбылары болмаған соң жігіттермен «қыздар жиынын» өткізді (фото)
Бразилияда 24 жастағы Ребека құрбылары болмағандықтан «құрбылар жиынына» ұл достарын шақырды.
Фото: Bored Panda
Ребека компьтер технологиясы мамандығын игеруде. Оның тобында 60 адам оқиды. Оның төртеуі ғана қыздар. Ал, Ребека көбіне ұлдармен араласады.
«Кеш көңілді өтті. Суретке түсіп, езуімізді жимай күле бердік. Осылайша керемет көңіл көтердік», – дейді қалыңдық.
Бұл суретер желіде кеңінен таралып кетті. Қыздың өзі бұл кештің жұртқа мәлім болып кететінін білмеген. Ол қызықты күндерін суретке қарай отырып, еске алады.
Жігіттердің бәрі халат киіп, аяқ-қолының түгін қырып тастады. Олар құрбылар жиынына келгендіктен өздерін қыз секілді көрсетті.
Талқылау