Қалада тышқандар қаптап жүр: Астана әкімі жағдайды түсіндірді
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада тышқандар қаптап жатқаны туралы түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
"Тышқандар, егеуқұйрықтар тек көктем мен жазда қаптап кетеді деген мәселеге келсек, біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ерте көктемде бастаймыз, жұмыс жыл бойы жалғасады. Биыл өткен жылдарға қарағанда көп болды деп ойламаймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдарды көріп отырмыз", – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек "Байқоңыр" ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.
Сондай-ақ, қала басшысы жәндіктермен күреске бөлінетін қаржы көлемінің азаймайтынын айтты.
"Қала өсіп, тұрғын үй кешендерінің саны артып келе жатқанын ескерсек, бөлінетін сома ұлғаяды. Қанша сома екенін дәл қазір айта алмаймын, кейін жеткіземін", – деп толықтырды ол.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"