Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық күйеу жігіттің қара торы болғаны үшін үйлену тойынан бас тартты

Үндістанның Бхартана қаласындағы Уттар-Прадеште қалыңдық күйеу жігіттің терісінің түсі тым қара болғандықтан үйлену тойын сол жерде тоқтатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ниета мен Рави Ядавтың үйлену тойында болды орын алды. Алдымен бәрі жоспар бойынша орындалған. Күйеу жігіт пен қалыңдық тіпті дәстүр бойынша неке шамдарын алмастырып, салтанатты рәсім саатфераны жасауға ниеттенген. Бұл рәсімде жас жұбайлар қасиетті отты жеті рет айналады. 



Қасиетті оттан екі рет айналып өткен соң Ниета кенет тұрмысқа шығудан бас тартып, рәсімді тоқтатуын сұрайды. Ол тойдағы күйеу жігіттің басында таныстырған жігітке ұқсамайтынын себеп етті. Айтуынша алғаш танысқан жігітке қарағанда тойдағы жігіт қара торылау. Қалыңдық туыстарының қарсылығына қарамастан жиыннан кетіп қалды.

Кейін күйеу жігіттің әкесі полицияға арыз беріп, қалыңдыққа сыйға тартылған зергерлік бұйымдарды қайтаруын талап етті.

 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 12 Шілде, 2022 16:44
Талқылау