"Қалың қар жауады": Синоптиктер еліміз бойынша жаңа жылдық мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 31 желтоқсан мен 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік өңірлері циклонның әсерінде болады.
Республиканың басым бөлігіне Скандинавия циклоны әсер етіп, салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында бұрқасын болып, қар жауады.
31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
1-2 қаңтарда батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты екпінді жел, жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: батыста түнде 5 -5 градус, күндіз 3 -10 градус, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 -2 градусқа дейін, шығыста түнде және күндіз 0 -8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған