"Қалың қар жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде қар жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Салдарынан қар, бұрқасын және екпінді жел болады.
Еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) және көктайғақ болады.
- 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында,
- 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға қарай Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"